Жаңалықтар

«Сұлу саздың сәулетшісі» композитор Мұратхан Егінбаев 85 жас

«Сұлу саздың сәулетшісі» композитор Мұратхан Егінбаев 85 жас
Уақыты: 26.04.2024
Оқылды: 30

26 сәуір күні өнегелі өнерімен сусындатып жүрген Жетісулық композитор, Халықаралық және Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Мұратхан Егінбаевтың 85 жасқа толуына орай Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында композитормен «Сұлу саздың сәулетшісі» атты кездесу кеші өтті.

Шара барысында келген оқырмандарға композитордың шығармашылығына арналған «Өнерім - өмірім» тақырыбында өмірінен сыр шертер бейнеролик көрсетілді.

Аталған іс- шараға Жетісу облысының әкімі аппаратының бөлім басшысы Бағдат Ақылбеков, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының әншісі Абылайхан Хармысов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбеков қатысып, ақынды 85 жасқа толған торқалы тойымен құтықтап, нағыз адамға тән қасиеттерге ие тұлға ретінде халықтың құрметіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын саласын атқарып отырған абырой - беделі жайлы кеңінен толғап өтті. Сондай-ақ кеште комозитордың шәкірті Талғар қаласынан келген Гүлзия Мархабаева М.Егінбаевтың әніне жазылған «Анамның мерекесі», «Егер анаң жек көрсе» әндерін шырқады.

Кеш соңында композитор Мұратхан Егінбаев өз даусымен «Қара керей Қабанбай», «Сәйгүлік» әндерін нақышына келтіріп орындап оқырмандарды тәнті етті.

Шараға Жетісудың белгілі зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, студенттер мен оқушылар қатысты.

 

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика