Жаңалықтар

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Жаса мәңгі бейбітшілік ынтымақ» атты мерекелік кеші өтті.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Жаса мәңгі бейбітшілік ынтымақ» атты мерекелік кеші өтті.
Уақыты: 29.04.2024
Оқылды: 112

2024 жылдың 29 сәуір күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Жаса мәңгі бейбітшілік ынтымақ»  атты мерекелік кеші өтті.

Шара барысында «Бейбітшілік – ел тілегі» атты бейнесюжет көрсетіліп, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» кеңесшісі Құрметбек Сансызбайұлына  құттықтау  сөз сөйледі.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Жадыра  Есимова мен Жанар Дулыханова «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жүргізді.

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 6 сынып оқушыларының  поэзиялық шеруде өлең оқыса, «Зерде» орталығының бишісі Айша Батырбек  «Аққу» биін билесе,  «Өнер» мектебінің әншілері Ислам Бахытжан «Туған өлкем», Диас Қанатбаев «Ұланымын ұлы елдің» әндерін орындап, оқырмандарға тамаша көңіл күй сыйлады.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика