Жаңалықтар
Қазақ халқының әйгілі әнші – композиторы, ақын Біржансал Қожағұлұлына 190 жыл толуына орай «Күміс көмей – Біржан сал» атты тақырыпта танымдық сағат өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақ халқының әйгілі әнші – композиторы, ақын Біржансал Қожағұлұлына 190 жыл толуына орай «Күміс көмей – Біржан сал» атты тақырыпта танымдық сағат өтті.
Шара барысында кітапханашы А. Абейбекова ақынның соңғы жылдардағы әндерінде Біржан қайтып келмес жастық пен даңққа деген сағынышын жеткізуге тырысқанын және үлкен әншінің еркіндікке толы бейнесі Мұқан Төлебаевтың Біржан мен Сара операсында көрініс алғаны туралы баяндап, ақынның өмір баянымен еңбектеріне тоқталып, кітаптарға шолу жасады.
Шара соңында Ақын Біржан Қожағұлының осы салада едәуір жаңалық әкеліп, ән, айтыс, орындаушылық мәдениетінің шоқтығын көтерген халык композиторы, деп бағалай келе, зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы күрескен өмірі халық санасында мәңгі өмір сүретіні жайлы айтып өттік.