Жаңалықтар

Алғаш рет ақын Қайрат Әлімбекке арналған «Қайрат оқулары» байқауы ұйымдастырылды

Алғаш рет ақын Қайрат Әлімбекке арналған «Қайрат оқулары» байқауы ұйымдастырылды
Уақыты: 30.04.2024
Оқылды: 54

30 сәуір күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Қайрат Әлімбектің шығармашылығын насихаттау мақсатында облыстық «Қайрат оқулары» байқауы өтті.

Шара барысында ақын Қайрат Әлімбектің өмірі мен шығармашылығы жайында көрсетілген бейнероликтен бастау алынды.

«Қайрат оқуларына» Жетісу облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің 13-16 жас аралығындағы 22 бала қатысып, қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты.

«Жоқ іздеген жігіт» деп аталатын бірінші кезеңде  байқау ережесіне сай  қатысушы жатқа білетін Қайрат Әлімбек шығармаларының санына  және толық мәнерлеп жатқа айтуына қарай бағаланды. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 11 қатысушы «Шығармашылық жұмыс» екінші кезеңіне өтіп, ақынның арнауын зерттеу арқылы өз тарапынан ой-пікірін қоса отырып, мазмұнын ашу арқылы шығармашылық жұмыстарын арнайы дайындалған слайд арқылы қорғады.

Байқауға ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті Сайлау Қожағұлов, ақын, журналист Асыл Сұлтанғазы, Ақын, журналист Қозыбай Құрман және «тіл» оқу-әдістеме орталығының бас маманы Мөлдір Қуандық қазылық етті.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша, Жетісу өңірінде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Қайрат оқулары» байқауының алғашқы жеңімпазы болып  І орын Еркежан  Кәусәр  (Кербұлақ ауданы) танылса, ІІ-орынды Тажибай Самал (Талдықорған қаласы), ІІІ-орынды Әлибек Таңдана  (Ақсу ауданы) және Шұратбай Әсия  (Қаратал ауданы) иеленіп, дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар мен жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика