Жаңалықтар
Жазушы, әзіл-сықақ, қазақ сатирасының классигі Оспанхан Әубакіровтың 90 жыл толуына орай «Ассалаумағалейкум ата» атты шығармасынан дауыстап оқу сағаты өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде жазушы, әзіл-сықақ, қазақ сатирасының классигі Оспанхан Әубакіровтың 90 жыл толуына орай «Ассалаумағалейкум ата» атты шығармасынан дауыстап оқу сағаты өтті.
Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов оқырмандарға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын таныстырып өтіп, ақынның «Ассалаумағалейкум ата» атты әзіл әңгімесін дауыстап оқып берді.