Жаңалықтар

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Ел қорғаны- қарулы күштер» ерлік сағаты

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Ел қорғаны- қарулы күштер» ерлік сағаты
Уақыты: 04.05.2024
Оқылды: 53

4 мамыр күні Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Ел қорғаны- қарулы күштер» атты  ерлік сағаты өтті.   

         Шара барысында келген оқырмандарға Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын мерекеге арналған «Ел ертеңі - бүгінгі Жас Ұлан» атты бейнеролик көрсетілді.

Аталған іс-шараға Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшысы Қайрат Қуанышұлы Жарқынбаев, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің ардагері  Самат Амантайұлы Сүйгенбаев, Жетісу облысының күзет қызмет басқармасының полицейі Доценка Кирилл қатысып, қызметтің ең жауапты да қиын саласын атқарып жүрген әскери қызметкерлерді және барлық ерлер қауымын мерекелерімен құттықтады.

Сондай-ақ, іс-шараға  №125 орта мектеп оқушылары әзірлеген «Ер – елінің қорғаны» атты поэзиялық шерумен жалғасын тапты.

Шара соңында Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полиция аға сержанты Ғабит Маратұлының «Көк тудың желбірегені» және  №54380 әскери бөлім қызметкері Ниязов Сеитжанның орындауында  «Тревога» әндерін орындап оқырмандарды тәнті етті.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика