Жаңалықтар
«Жеңіс жалауы желбіреген күн» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2024 жылдың 6 мамыр күні Ұлы Жеңіс күніне орай, «Жеңіс жалауы желбіреген күн» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Талдықорған қаласының Абай атындағы №1 орта мектеп гимназиясының 9 сынып оқушылары мен жетекшісі Т.Мырзалы және Талдықорған қаласының №4 орта мектебінің 10 сынып оқушылары мен жетекшісі Ж.Жексенбекова қатысты. Кітапханашылар А.Жұмабекова, Қ.Садырбаева, Ә.Қанабек оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның жағдайы туралы, соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлердің ерен ерліктері мен соғысқа аттанып, елге оралмай із- түссіз кеткен Боздақтар жайлы сонымен қатар Соғыс Ардагерлері туралы мәлімет берді.
Көрме соңында ұйымдастырушылар келген қонақтармен естелік суретке түсті.