Жаңалықтар
«Марғұлан мұрасы – руханияттың қазынасы» атты тақырыпта ақпараттық дайджест өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде, Қазақ ССР академигі, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Марғұлан мұрасы – руханияттың қазынасы» атты тақырыпта ақпараттық дайджест өтті.
Шара барысында Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер Әлкей Марғұланның ғылым және білім жолында қосқан үлесімен таныстырып, кітаптарына шолу жасалды.