«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
Талдықорған қаласының тұрғыны, қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры Қуаныш Мусин «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында өзінің жеке кітапханасынан 49 дана кітапты сыйға тартты. Оның ішінде орыс әдебиеті, шетел әдебиеті, өлкетану, тарихи әдебиеттер бар.