Жаңалықтар
«Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтижелер» атты 5 күндік кітапханашылардың біліктілігін арттыру семинар-тренингі бастау алды.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 13-17 мамыр аралығында өтетін «Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтижелер» атты 5 күндік кітапханашылардың біліктілігін арттыру семинар-тренингі бастау алды. Семинардың 1 ші күні кітапханашыларға - «Заман талабына сай шаралардың маңыздылығы», балалар кітапханаларының жұмыстары мен бағыттары, сапалық құрам есебін өткізу тәртібі, сандық көрсеткіштер бойынша есеп тапсыру үлгілері жайлы айтылды.