Жаңалықтар

Қазақтың сықақшы-жазушысы Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сатираның саңлағы» атты іс-шара өтті.

Қазақтың сықақшы-жазушысы Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сатираның саңлағы» атты іс-шара өтті.
Уақыты: 14.05.2024
Оқылды: 35

2024 жылдың 13мамыр күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақтың сықақшы-жазушысы Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сатираның саңлағы» атты іс-шара өтті.

Шара барысында «Сатира – өмірдің айнасы» атты бейнеролик көрсетіліп, сатирик, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Самат Слямғазин сатира жанры туралы әңгімелеп, өзінің қызықты әңгімелерімен бөлісті.

Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Ғалия Ешенова «Сатира – сарабдал сөздің жебесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүзгізсе, Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары сатиралық әңгімелерден үзінді оқыды. Оқырмандар Оспанхан Әубәкіровтың өзі жазған «Құдаша қыз», «Біздің ағай тамаша», «Мұңайма» әндерін тыңдап, тамаша көңіл күймен тарқасты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика