Жаңалықтар

Қазақ поэзиясының Құлагері - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» атты ғылыми конференция өтті

Қазақ поэзиясының Құлагері - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» атты ғылыми конференция өтті
Уақыты: 16.05.2024
Оқылды: 91

Биыл қазақ поэзиясының Құлагері - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толып отыр. Осыған орай, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында ақынның мерейтойына орай Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қаламгердің мол мұраларын зерттеу мен зерделеудің жаңа бағыт-бағдарларын айқындау, талантқа тағзым ету мақсатында «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» атты ғылыми конференция өтті. Конференция барысында Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тау тұлғалы Ілияс» атты 3 бөлімнен тұратын кітап көрмесіне библиограф Г.Тұрсынқызы библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесі шараға келген зиялы қауым мен оқырман қауым назарына ұсынылды. Шара барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорны шығарған баспа өнімдерінің 43 дана кітабын Ақсу аудандық орталық кітапханасының қорына сыйға табыстады. Жалпы іс-шараға 220 оқырман қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика