Жаңалықтар

«Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтеижелер» атты семинар- треннингінің 4-ші күні

«Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтеижелер» атты семинар- треннингінің 4-ші күні
Уақыты: 16.05.2024
Оқылды: 32

16 мамыр күні «Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтеижелер» атты семинар- треннингті ақпараттық –библиографиялық бөлімінің қызметкерлері «Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету жүйесінің маңыздылығы» атты сабақ өткізді. Треннингбарысында бөлім меңгерушісі Ешенова Ғ. «Кітапханалық анықтамалық-библиография аппараттарының оқырмандарға тигізер пайдасы» тақырыбында оның ішінде альфавиттік, жүйелі каталогтарды жүргізу, кітап көрмесін ұйымдастыру, библиографиялық жұмыс түрлері , жоспар жасау мен есеп беру жұмыстарын түсіндіріп, қатысушы кітапханашылармен олардың жүргізіп жатқан жұмыстарымен ой бөлісті. Кітапханашы Омарова К. «Библиографиялық құралдарды құрастыру – кітапхана қорын насихаттау кілті»тақырыбында библиографиялық құралдар, яғни көрсеткіштер, жаднамалар, бюллетендер, жолсілтемелер т.б баспа түрлеріне тоқталса,Web –Rabis бағдарламасындағы «Катологизатор» модульнде «Мақалалар» ДБ жүргізу әдістері туралы Ж. Султамбекова түсіндіріп, оны іс жүзінде көрсетті.
Сонымен қатар техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері түрлі дизайн құруда «Canva» сервисін пайдалану туралы ақпарат беріп, фото редакторлармен практикалық жұмыс жүргізіп, видео редакторда қолданылатын бағдарламалар,видео түсіру, мондаждау, анимация, дыбыс редакторы жайлы сабақ өткізді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика