Жаңалықтар
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Талдықорған қаласының «INNOVERSE High school» мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашылар Ерғалиева М. және Камбаева Н. оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып, жалпы мәдениет ұғымымен кітапхана, бейнелеу және қол өнері, театр мен кино, сәулет өнері, археологиялық ескерткіштер, өнертану және төл мәдениетіміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар: сәулетшілер, суретшілер, әншілер, актерлар, композиторлар, күйшілер, мәдениеттанушылар, өнертанушылар туралы мәлімет берді.