Жаңалықтар

«Өмірі жырға толы лирик ақын» атты поэзия сағаты өтті.

«Өмірі жырға толы лирик ақын» атты поэзия сағаты өтті.
Уақыты: 21.05.2024
Оқылды: 38

21 мамыр күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың біртуар перзенті, көсемсөздің шебері, қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Өмірі жырға толы лирик ақын» атты поэзия сағаты өтті.

Шараға Талдықорған қаласы Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп оқушыларының «25 мектеп» көркем сөз үйірмесі мүшелері, №12 орта мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып оқушылары және Жетісу облысының ардагерлер хорының әншісі Ш.Әбілдаева қатысты.

Шара барысында ақын С.Жиенбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жыр - ғұмыр» атты бейне-ролик көрсетіліп, «Сәулелі сөздің шебері» кітап көрмесі таныстырылды.

С.Жиенбаев поэзиясының тәрбиелік мәні зор. Онда туған жерді қастерлеу, отанды сүю, еңбекке баулу, адамгершілік, табиғат әсемдігін сезіне білу т.б. алуан түрлі тақырыптарға жазылған өлеңдері жас ұрпаққа үлгі өнеге.

Оқушылар ақынның «Бөрік», «Оң аяқ», «Медаль», «Туған жер», «Жем бойында», «Оймауыт», «Ауыл қарттары», «Әже мен немере», «Алғаш рет», «Кемпірқосақ», «Көктемнің балғын кезі еді» секілді бірқатар өлеңдерін мәнерлеп оқыса, облыстық ардагерлер хорының әншісі Шара Әбілдаева өлеңдері ән болып төгілген, ақынның сөзіне жазылған «Ауыл қарттары», «Ана» әндерін орындап,  тыңдармандарға тамаша көңіл-күй сыйлады.  

Кеш соңында белсенді оқушыларға, көркем сөз үйірмесі мүшелеріне Алғыс хаттар тапсырылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика