Жаңалықтар

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
Уақыты: 22.05.2024
Оқылды: 53

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай  Жетісу облысының Б.Римова атындағы драма театрында салтанатты кеш өтті. Салтанатты шарада «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Қаратал аудандық кітапханасының кітапханашысы Амреева Зауре Сейтқожаевна, Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Молдабаева Лазат Канатовна, Сарқан аудандық кітапханасының директоры Мухаметкалиева Гулнар Меркатовна марапатталса, Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Байтаева Райхан Егінбайқызы, Сарқан аудандық кітапханасының кітапханашысы Сейполдина Айсұлу Тилектесовна, Талдықорған қаласының № 8 кітапхана филиалының кітапханашысы Қадырова Айгүл Қазтайқызы және Текелі қалалық кітапханасының директоры Кушекпаева Рахила Амангильдиевна, Жетісу облысы әкімінің «Алғыс хатымен» С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы Абейбекова Айнаш Райкуловна, Алакөл ауданы Ж.Балапанов ауылдық кітапханасының кітапханашысы Саябаева Жанар Зейнелқабденовна, Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Естемесова Бақылгүл Қонысбайқызы, Панфилов ауданы Еңбекші ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бозжігітова Назгул Кулачарқызы, Сарқан аудандық кітапханасының кітапханашысы Сабитова Айжан Бауыржанқызы, Талдықорған қалалық кітапханасының кітап қорын өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Қилибаева Сандуғаш Жақыпбекқызы марапатталды.

Сондай-ақ,  «Үздік мекеме» номинациясымен Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі марапатталса, «Үздік кітапхана қызметкері» номинациясымен Көксу аудандық кітапханасының директоры Тустикбаева Айгерим Айдаровна марапатталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика