Жаңалықтар

Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Әли Ысқабайдың 85 жасқа толуына орай «Еліне елеулі тұлға» кездесу кеші өтті

Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Әли Ысқабайдың 85 жасқа толуына орай «Еліне елеулі тұлға» кездесу кеші өтті
Уақыты: 24.05.2024
Оқылды: 48

2024 жылдың 24 мамырында С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасында Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Әли Ысқабайдың 85 жасқа толуына орай  «Еліне елеулі тұлға» кездесу кеші өтті.

Шара барысында Ә.Ысқабайдың өмірі жайлы «Өмірім – өнеге» атты бейнеролик көрсетіліп, ақынның шығармаларын жаттап өскен №7 мектеп оқушылары әдеби шеру ұйымдастырды. Сондай-ақ, Д.Рақышев атындағы филармония директорының орынбасары Қанат Түндебаевтың орындауында ақынның сөзіне жазылған «Жаны жайсаң достарым» және «Байшегір баба» әндері және Д.Рақышев атындағы филармониясының әншісі Эльмира Дәуренбекованың орындауында «Шырқа даусым», «Сәулем-ай» әндері орындалды.

Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, Қазақстанның Құрметті  журналисі, ақын Кенжехан Рақыш, Көксу ауданының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмабала Балақаранова, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдрахым, журналист Болат Бисұлтанов, Алматы облысының құрметті азаматы Халықов Мұрат қатысып, ақын шығармашылығы мен өнегелі өмір жолы туралы сөз қозғады.

Айта кетейік, Әли Ысқабай әдебиетімізге елеулі үлес қосқан қайраткерлердің бірегейі, ақын, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы, сондай-ақ «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика