Жаңалықтар
Ақын, сатирик, публицист Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты тұлғалық кеші өтті.

28 маусым күні ақын, сатирик, публицист Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты тұлғалық кеші өтті.
Шара барысында оқырмандарға ақынның шығармашылығына арналған өмірінен сыр шертетін «Сәбит Дөнентаев: Бозторғай ақын» атты бейнеролик көрсетілді.
Сәбит Дөнентаев өзінің қысқа ғұмырында артына мол мұра тастап кеткен өзіндік ерекшелігі мол ақындардың бірі. Оның шығармалары терең мазмұнды, ойлы, көркемдік қырларымен ерекшеленеді. Ақын поззиясының тілі таза, қарапайым және бейнелі де көркем.
Кеш барысында №1 орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Тоғжан Ардаққызы қаламгердің өмірі мен шығрамшылығы туралы тереңінен баяндап, оқушылар поэзиялық шеруге қатысып, ақының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Сонымен қатар, «Сатиралық өнер шебері» атты кітап көрмесі ұымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді.
Шараға Талдықорған қаласының №1 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары қатысты.