Жаңалықтар

«Тарихи тағлым – өткенге тағзым» атты тарихи танымдық сағаты өткізілді.

«Тарихи тағлым – өткенге тағзым» атты тарихи танымдық сағаты өткізілді.
Уақыты: 31.05.2024
Оқылды: 32

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихи тағлым – өткенге тағзым» атты тарихи танымдық сағат өтті.
Шара барысында кітапханашылар және кітапхана оқырмандары саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған даңқты жерлесіміз Ілияс Жансүгіровтің ескерткішінің маңына жиналып,тарихи тұлға ескерткішіне гүл қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің бөлім меңгерушісі Гаухар Таукебаева қазақ халқының басынан өткен зұлмат жылдарға тоқталып, тарихи деректерге сүйене отыра қазақ халқының саяси қуғын-сүргін, ашаршылық жылдарындағы көрген қыйыншылықтары жайлы деректерді баяндады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика