Жаңалықтар

«Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Уақыты: 31.05.2024
Оқылды: 61

2024 жылдың 31 мамыр  күні  Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында  Саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесін кітапханашы  Жанар Дулыханова таныстырып, көрмеде берілген кітаптардың тарихына тоқталды.

Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу, олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру мақсатында өткен көрмеге Талдықорған қаласының  Авиценна колледжі, Сервис және жаңа технологиялар колледжі оқушылары  қатысты.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика