Жаңалықтар
«Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты ақпараттық сағат өтті.

2024 жылдың 03 маусым күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты ақпараттық сағат өтті. 4 маусым - еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды мереке.
Шараның мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер рәміздермен жан-жақты таныстыру, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Шараға Абай атындағы № 18 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты.