Жаңалықтар
«Шуақты жаз» жазғы маусымға арналған шара бастау алды.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында, жоспар бойынша балалардың жазғы демалысын қызықты, әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында аптасына үш рет өткізілетін «Шуақты жаз» атты жазғы маусымға арналған шара бастау алды.
4 маусым күні Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп- лицейінің 5 сынып оқушылары мен жетекшілері А. Жадырашева және А. Мұратбек қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында, кітапханашылар Қанабек Ә. Мен Ноғайбек Г. «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатты. «Мультландия алаңы» атты бөлімде оқушыларға «Менің атым- Қожа» фильмі көрсетілді. Сонымен қатар үстел ойындары да ойнатылды.