Жаңалықтар
«Мемлекеттік рәміздер ел – мақтанышы» атты танымдық сағат өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер ел – мақтанышы» атты танымдық сағат өтті.
Шараның мақсаты: Аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздермен жан –жақты таныстыру, ұлттық рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы Р.Нұрланов кітапхана оқырмандарына Елтаңба, Ту, Әнұранның пайда болу тарихымен бөлісіп, рәміздердің тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді нығайтты.