Жаңалықтар
Жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда.

Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында, жоспар бойынша жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда.
6 маусым күні аталған шараға Абай атындағы №1 орта мектеп- гимназиясының 5 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері А.Абилдаева, С.Байсова, Н.Найманбаева қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында, кітапханашылар Қанабек Ә. мен Ноғайбек Г. «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатты. «Мультландия алаңы» атты бөлімде оқушыларға «Менің атым- Қожа» фильмі көрсетілді.