Жаңалықтар
«Шуақты жаз» жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда.

Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында, жоспар бойынша «Шуақты жаз» жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда.
7 маусым күні аталған шараға «Royal kids» оқу орталығының 1 және 2 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында, кітапханашы Қанабек Әлия «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатты. «Cool dance» бөлімінде балалар Tik- tok желісіндегі танымал тренд билерді биледі. Сонымен қатар, «Мультландия алаңы» атты бөлімде оқушыларға «Джунгли кітабы» мультфильмі көрсетілді.