Жаңалықтар
«Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесінің ашылуы өтті.

Әдеби оқылымдардың мәртебесін көтеру, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын таныту, Жетісу өлкесіндегі ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен шара «Жақұт мекен Жетісу» тақырыбындағы кітап көрмесін таныстыруымен бастау алды.
Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасен, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі Ж. Әміреев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай, «Janr» Жетісу әдеби клубының президенті Қазақстан Жазушылар одағы мен Халықаралық Қазақ-ПЕН клубы және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Есболат Айдабосын, балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай қатысты.
Сондай-ақ, жәрмеңкеге арнайы келген «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік мекемесінің директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов «Кітапханаға кітап сыйла», «Жетісу кітап керуені» жобалары аясында кітапханамыздың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөліміне Брайль қәрпімен терілген Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың «Плач охотника над пропастью», «Айша бибі» кітаптарын, Төлен Әбдіктің, Думан Рамазанның, Кәкімжан Қазыбаевтың аудио кітаптарын және Шымкент, Қызылорда қалалық кітапханалары аудио кітаптарды сыйға тартты.
Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық жас театр актерлері поэзиялық батл жасап, Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншілері келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара «Қолтаңба TIME» кітап авторларының оқырмандарға қолтаңба қойылған кітаптарын сыйлаумен жалғасын тапты.
Айта кетейік, «JetisuBook Fair» кітап жәрмеңкесіне «Атамұра», «Мазмұндама» баспалары, «Ziyat», «Асыл қазына» дүкендері, жеке кәсіпкерлер және кітап авторлары ат салысты.
Жәрмеңке 12 маусым күні де жалғасын таппақ.