Жаңалықтар

«Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесі бүгінде жалғасын тапты.

«Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесі бүгінде жалғасын тапты.
Уақыты: 12.06.2024
Оқылды: 33

Талдықорған қаласы орталық арбат аланыңда «Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесі бүгінде жалғасын тапты.

Кітап жәрмеңкесі «Жақұт мекен Жетісу» тақырыбындағы кітап көрмесінің таныстырумен басталып, «Поэзиялық батл» көрермендер арасында өлең оқу жарысымен жалғасты. Сондай-ақ «Мақалды тап» көрсетілген суреттерге қарап мақал құрастыру және «Сан сұраққа саяхат» викториналық ойындары ойнатылып, «Қолтаңба TIME» кітап авторлары оқырмандарға қолтаңба қойылған кітаптарын сыйлады.

Шарада Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық жас актерлері театры көрермендерге «Бақыт деген не өзі?» атты поэзиялық-музыкалық шеруін ұсынды.

Айта кетсек, 2 күнге жалғасқан кітап жәрмеңкесінде «Атамұра», «Marfu press», «Мазмұндама» баспалары, «Ziyat», «Асыл қазына» дүкендері, жеке кәсіпкерлер және кітап авторларының 200-ден астам кітаптары сатылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика