Жаңалықтар
«Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шарасы

Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара екінші апта жалғасын табуда. Аталған шара балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу, мәдениетін, дүниетанымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып келеді.
14 маусым күні кітапханаға № 7 К.Ушинский атындағы орта мектептің жазғы лагерь оқушылары мен жетекшілері қатысып, кітапханаға экскурсия жасалып, «Зейін TIME» ойыны ойнатылып, жоспар бойынша ұйымдастырылған «Әке шаңырақтың тірегі» атты отбасылық ойынын тамашалады.