Жаңалықтар

«Шуақты жаз» жалғасын табуда.

«Шуақты жаз» жалғасын табуда.
Уақыты: 18.06.2024
Оқылды: 31

18 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында  «Шуақты жаз» атты шара өтті. Үшінші апта жалғасын тапқан маусымдық шарада балалардың бос уақытын, жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу, мәдениетін, дүниетанымын кеңейту зияткерлік-шығармашылық және спорттық-сауықтыру қызметі процесінде олардың қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатында ұйымдастырылып келеді.

№1 Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының жазғы лагерь оқушылары мен сынып жетекшілеріне кітапханаға экскурсия жасалды. Сондай-ақ, балалар Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жошы ұлысының жазба мәдениеті» атты OPEN AIR форматында өткен іс-шараға қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика