Жаңалықтар

Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай «Тарих – ұлттық бірегейліктің бөлігі» атты OPEN AIR

Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай «Тарих – ұлттық бірегейліктің бөлігі» атты OPEN AIR
Уақыты: 18.06.2024
Оқылды: 69

 

2024 жылдың 18 маусымында С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасында Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай «Тарих – ұлттық бірегейліктің бөлігі» атты OPEN AIR форматында іс-шара өтті.

Жошы ұлысы – 1224 жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға бөліп берген еншісі, Моңғол империясының батыс бөлігіндегі аймақ. Өз кезегінде Жошының ұлы Бату хан Ұлыстың жерін кеңейтіп, Еділ маңы, Орыс, Қара теңізі аймағы мен Кавказды жаулап алған. Осылайша Орта ғасырлық Еуропадағы ең үлкен мемлекеттің негізін қалаған. Қазақ хандығының барлық хандары Жошы тұқымынан тарайды, сондықтан оның Ұлысын қазақ мемлекеттігінің іргетасы болды деп санауға толықтай негіз бар.

Шараға Талдықорған қаласындағы №1 және №12 орта мектептің жазғы лагерьдегі оқушылары қатысты. Ашық аспан астындағы «Жошы ұлысы – мемлекеттілігіміздің негізі» атты кітап көрмесінде Жошы ұлысының құрылу тарихын бейнелейтін З.Қинаятұлының «Қазақ мемлекеті және Жошы хан», Қ.Нұрмахановтың «Жошы хан – көшпенді тайпаның ұлы», «Қазақстан тарихы» оқу құралының 5 томы, Бабалар сөзі 85 томы, т.б. кітаптар оқырман назарына ұсынылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика