Жаңалықтар

«Шуақты жаз» маусым айына арналған лагерь оқушыларымен экскурсия

«Шуақты жаз» маусым айына арналған лагерь оқушыларымен экскурсия
Уақыты: 20.06.2024
Оқылды: 29

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен апта бойы өткізіп келе жатқан кезекті  «Шуақты жаз» атты іс-шарасы жалғасуда.

20 маусым күні шара барысында қаламыздың №4 орта мектептің жазғы демалыс лагерінің 7 сынып оқушыларына экскурсия жүргізіліп, кітапхананың құрылу тарихы, ережелерімен танысты. Сондай-ақ кітапхананың тіркеу орны, кітап алмасу бөлімі, оқу залы, мерзімді басылым бөлімдерімен таныстырып, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар ақпараттық-анықтамалық бөлімімен танысып, электронды каталогты қалай пайдалану керек екенін кітапханашы түсіндіріп шықты.

Кітапханаға экскурсия барысында балалар көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді, көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлер алды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика