Жаңалықтар
Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облысындағы өкілі, белгілі жазушы Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» атты романының таныстырылымы өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен 20 маусым күні Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облысындағы өкілі, белгілі жазушы Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» атты романының таныстырылымы өтті.
Кітаптың тұсауын суырып салма айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, ақын, Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалы директоры Жангелді Немеребай, «Жанр» әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын мен Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Лидия Егембердиева кесті.
Шара барысында Қанат Әбілқайыр кітаптың шығу тарихына тоқталып, қызықты сәттерімен бөлісті. Сонымен қатар, кітаптың ең алғашқы оқырманы Шынар Оңашбай көкейіндегі сұрақтарды қойып, романды оқығандағы әсерімен бөлісіп, авторға тілегін білдірді. Сондай-ақ жиналған зиялы қауым өкілдері кітап авторы Қанат Әбілқайырға ықылас танытып, шығармашылық табыстар тіледі.
Шара соңында кітапхана қорына кітап сүйер оқырмандар үшін осындай мағынасы терең, мәні зор рухани азық қалдыратын «Ағыраптағы аты жоқ адам» романын сыйға тартты.