Жаңалықтар
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, «Ел тізгінін ұстаған қызметкерлер» атты кітап көрмесі таныстырылды

2024 жылдың 21 маусым күні Жетісу облысы Сәкен Сейфулллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай, «Ел тізгінін ұстаған қызметкерлер» атты кітап көрмесі таныстырылды. Кітап көрмесі «Жетісу облысының білім басқармасының Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне насихатталды.
Көрмеге «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет», «Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық», «Іскери қазақ тілі» оқу құралы, Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға арналған «Сабақ үлгілері», Серікбай Нұрғисаевтің «30 жыл тәуелсіз елдің мемлекеттік қызметінде», қазақша-орысша, орысша-қазақша «Сөздік», «Государственная служба как сфера социально-политической модернизации в Республике Казахстан», «Административное право Республики Казахстан» академический курс, «Государственная служба в Республике Казахстан» кітаптарына шолу жасалды.
Шара аясында кітапханаға 3 жаңа оқырман жазылып, 4 кітап оқуға берілді.