Жаңалықтар
«Компьютерлік сауаттылық» үйірмесі жалғасуда

Кітапхананың техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен “Компьютерлік сауаттылық” үйірмесін бөлім меңгерушісі Асель Арапова жоспарға сәйкес презентациялық материалдар дайындауға арналған Microsoft PowerPoint бағдарламасын пайдалана отырып сабақ өткізді.
Сабаққа 11 сынып бітіруші № 4 мектептің оқушысы Кеңесқызы Айдана мен № 1 мектептің оқушысы Байбатша Аружан қатысты.
Сабақ барысында, Microsoft PowerPoint бағдарламасына түсініктеме беріліліп, жұмыс аймағымен таныстырылды. Бағдарламаның көмегімен әр түрлі конференцияға, жиналысқа және семинарларға түрлі есептер мен баяндамаларды дайындауға арналған презентация жасауға және оның дыбысты, мультимедиалық мүмкіндіктерін, әр түрлі шаблондарды пайдалануға болатындығын тәжірибе түрінде көрсетілді. Сонымен қатар, келген оқырмандарға презентацияны интернеттегі басқада сайттармен жасауға болатындығы жайлы айтылып, кеңестер берілді.
Үйірме аптаның әр жұмасында, сағат 16.00 ден 17.00 аралығында өтеді.
Өтетін орны: Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы.