Жаңалықтар

«Ертеңінді ойласаң есірткіге жолама» атты дерек пен дәйек сағаты өтті

«Ертеңінді ойласаң есірткіге жолама» атты дерек пен дәйек сағаты өтті
Уақыты: 24.06.2024
Оқылды: 35

2024 жылдың 24 маусым  күні  Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне орай «Ертеңінді ойласаң есірткіге жолама» атты  дерек пен дәйек сағаты өтті.  

Шараға Жетісу облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының дәрігері Молдаханов Еркебұлан Серикұлы қатысып, кітапхана ұжымына есірткінің қауіпі жайында ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Шара барысында қатысушыларға «Есірткі-ғасыр дерті» атты бейнеролик көрсетіліп, кітапханашы Дулыханова Жанар «Есірткісіз болашақ!» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Айта кетейік, 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» болып 1987 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен бекітілген болатын. Нашақорлық – бір сәттік әлсіздік немесе тәуелді болу ғана емес, адамның өмірін құртып, өлімге әкелетін ауру. Ресми статистикаға сәйкес, елімізде 18 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді. Бүгінгі заман дертіне айналған есірткімен күрес әлі де жалғасып келеді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика