Жаңалықтар
Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, әлемнің 17 елінің «Құрметті жазушысы» атанған Бақытқожа Төлегенұлы Рүстемовпен кездесу кеші ұйымдастырылды.

В. Маяковский атындағы Талдықорған қалалық орталық кітапханасында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасымен бірлесіп философ, жазушы, журналист, халықаралық публицист, ақын, Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, әлемнің 17 елінің «Құрметті жазушысы» атанған Бақытқожа Төлегенұлы Рүстемовпен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараның шымылдырығын Талдықорған қалалық орталық кітапханасының директоры Сейтжанова Күлпан ашып, Қазақстанды шетелде таныту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жүрген халық дипломаты Бақытқожа Рүстемовтың қаламынан шыққан туындылары бүгінгі қазақ әдебиетінің құнды қазынасына айналғандығы туралы айтып берсе, Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры Самал Шаяхметова өлкетанушы, публицист Азамат Ақылбеков және «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі Медет Жұмабай туындыларына пікірлерін білдіріп, шығармашылығына табыс тіледі.
Шара қонағы өзінің өмірі мен жарық көрген шығармалары туралы қысқаша мәлімет бере отырып, оқырмандардың сауалдарына жауабын беріп, соңынан кітапхана қорына әкелген кітаптарын сыйға тартты.
Шара барысында Халық хипломатиясының халықаралық ынтымақтастықтың төрағасы, «Әдеби Азия -2024» халықаралық байқауының қазылар алқасының және ұйымдастыру комитетінің төрағасы Бақытқожа Рүстемов жергілікті өлкетанушы, публицист Ақылбеков Азаматқа «Халықтар арасындағы достыққа қосқан үлесі және халықаралық қызметтегі ерекше жетістіктері үшін» медалі мен марапатталса, жоғарыда аталған мекеме басшылары мен қатар бірнеше кітапханашыларға «Құрмет грамотасын» табыстады.
Шара соңында Бақытқожа Рустемовқе кітапхана атынан жерлесіміз Кемел Тоқаевтың кітабтары табысталып, шара естелікке фотоға түсумен қорытындыланды.