Жаңалықтар
«Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара әліде жалғасын табуда.

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара әліде жалғасын табуда.
Шараның мақсаты кішкентай бүлдіршіндердің жан- жақты қызығушылығы мен қабілетін дамыту, мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, достық қарым- қатынастарын нығайтуға атсалысу.
25 маусым күні кітапханаға №45 балабақшаның жазғы лагерь бүлдіршіндері мен жетекшілері қатысып, кітапханаға экскурсия жасалды. Сондай-ақ, «Мен бақытты баламын» атты тақырыпта сурет салу сайысы ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге «Мультландия алаңы» атты бөлімде «Аю мен қояндар» мульфильмі көрсетілді.