Жаңалықтар
« Есірткісіз болашақ» атты дерек пен дәйек сағаты өткізілді

26 маусым - Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының «Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің» клубында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде « Есірткісіз болашақ» атты дерек пен дәйек сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты нашақорлықтың таралу қауіпі туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын түсіндіру.
Шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан зағип оқырмандарға зиянсыз және қауіпсіз есірткілер болмайтыны: кез келген есірткі улар санатына жататыны және алғашқы минуттан бастап денені уландыратыны, тіпті ең «қарапайым» есірткінің өлімге әкелетін дозасы бірнеше грамм ғана, ал ауыр және синтетикалық есірткілердің өлімге әкелетін дозасы жүздеген есе аз болатыны жайлы, нашақорлықтың негізгі себептері, сондай-ақ есірткіні қолданатын адамда пайда болатын белгілері туралы ақпарат беріп өтті.