Жаңалықтар

«Шуақты жаз» атты маусым айы өз мәресіне жетіп қалды

«Шуақты жаз» атты маусым айы өз мәресіне жетіп қалды
Уақыты: 26.06.2024
Оқылды: 38

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарын анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту  мақсатында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған іс-шара  өз мәресіне жетіп қалды.

26 маусым күні аталған шараға қаламыздың Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің жазғы демалыс лагерінің 6 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Оқушыларға экскурсия жүргізіліп, кітапхана ережесі мен бөлімдері таныстырылды. Сондай-ақ, «Зейін TIME» ойыны ойнатылып, «Cover show» атты караоке бөлімде оқушылар әр түрлі тақырыпта әндер шырқады.

Сонымен қатар, лагер оқушылары оқырман билетін алып, өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға алды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика