Жаңалықтар

Домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында жыр сағатын өтті.

Домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында жыр сағатын өтті.
Уақыты: 04.07.2024
Оқылды: 49

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жетісу оқу өндірістік кәсіпорнына қарасты тігін цехында Домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында жыр сағатын өткізді.

Шараның мақсаты: қазақтың ұлттық аспабы – киелі домбыраны дәріптеу, домбыраға құрметпен қарау, домбыра үнінің құдіретін сезіну, ұлттық аспапты ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастыру.

Шара барысында Кітапхананың тұрақты оқырманы өнерпаз, Дәуен Алғысбек тігін цехындағы жұмысшыларға өз өнерін көрсетті. Алғысбек домбырамен өзінің кең диапазонды дауысында бірнеше әндер шырқап, тыңдаушыларын тәнті етті. Домбыраның күмбірлеген үні тігін цехын ерекше шаттыққа бөледі. Цех жұмысшылары домбыра күніндегі шараны өздеріне тартылған сый деп сезінді. Домбыра үнінің құдіретіне, Дәуен Алғысбекке, шараны ұйымдастырушы кітапхана ұжымына ризашылықпен, алғыс сезімдерін білдірді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика