Жаңалықтар

«Терроризммен күрес – баршаның міндеті» атты дөңгелек үстел өтті.

«Терроризммен күрес – баршаның міндеті» атты дөңгелек үстел өтті.
Уақыты: 09.07.2024
Оқылды: 45

2024 жылдың 9 шілдесінде Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Терроризммен күрес – баршаның міндеті» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты : Оқырмандарға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.

Шара барысында кітапханашы Айнаш Райкулқызы «Терроризм мұны бәрі білу керек» деген ұғымды оқырмандарға қазіргі кездегі салт – дәстүрлердің ара-қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтау жолдары турасында пікірлесу және дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру жөнінде  дөңгелек үстел өткізді.  Оқырмандар толық мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика