Жаңалықтар
Кітапханада экскурсия өтті.

11 шілде 2024 жылдың Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасына «Умные детки» мектеп алды даярлау орталығы экскурсияға келді.
Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды.
Сондай-ақ балаларға ойын, флешмоб биі ұйымдастырылып, «Головоломка» мультхикаясы көрсетілді.