Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бастамасымен «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акциясы бастау алды.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып, өз сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бастамасымен «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акциясы бастау алды.
Шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылға акция аясында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы да өңірге тарту етілген 100 кітапты алды.
Әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармалары, танымдық-ағартушылық әдебиеттерден құралған кітаптар жақын арада ауылдағы оқырмандарымызға жол тартады.