Жаңалықтар

«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты кітап көрмесі таныстырылып, бүлдіршіндерге ертегі оқылды.

«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты кітап көрмесі таныстырылып, бүлдіршіндерге ертегі оқылды.
Уақыты: 23.07.2024
Оқылды: 28

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллина атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 23 шілде күні Талдықорған қаласының №4 «Ясли» бала бақшасына «Әжемнің ертегісі» жобасының аясында «Балғын балалар - біздің болашағымыз»  атты кітап көрмесі таныстырылып, бүлдіршіндерге ертегі оқылды.

Шара барысында бүлдіршін оқырмандар, танымдық ертегілер мен тәрбиелік мәні мол, қазақтың озық салт-санасына бейімдей білетін ертегілермен танысты.

Ертегілер - халық даналығының айнасы болып табылатындықтан, ауыз әдебиетінде алатын орны ерекше. Сондықтан да, өскелең ұрпақты, сол салада үлес қосқан жандардың ерен еңбегімен сусындатқан жөн.

Осы себептен, іс-шарамыздың құрметті қонағы ретінде, балалар жазушысы - Жұмабала Балақаранова шақырылды. Құрметті қонағымыз, кішкентай оқырмандарға ертегілердің маңызы мен ерекшеліктерін кеңінен түсіндіріп, өз туындыларымен таныстырды. Іс-шара маңызды ақпараттар мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болып өтті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика