Жаңалықтар
Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Берен талант Бердібек» атты танымдық сағаты өткізілді

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында
«Берен талант Бердібек» атты танымдық сағаты өткізілді
Шараның мақсаты: қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысының шығармаларын насихаттау.
Шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны, әр жылдары жарық көрген шығармаларын таныстырып, оқырмандарға автордың «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат» атты шығармаларын Брайль, жайпақ және аудио нұсқа түрінде жазылған кітаптарды алып оқи алатыны жайлы ақпарат беріп өтті.