Жаңалықтар
«Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті

25 шілде күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетімен - болашаққа» жобасы аясында «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты мен міндеті: Жас оқырмандардың халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері: жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдермен таныстыру және халық шығармасының бұл түрлерін бір – бірінен ажырата білуі, мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуін және ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Сайысқа аудан, қала кітапханаларынан 9 оқырман қатысып, Ескелді ауданы Балпық би атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Бақтыбай Айданақ жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.