Жаңалықтар
Sara-Se дауыстап оқитын машинканы үйрету сабағы

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Sara-Se сканерлеп және дауыстап оқитын машинканы қолдануды үйрету сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқырмандарға Sara-Se машинкасының функционалдық міндеттерін, құрылғыдағы әр перне тақтаның қандай қызмет атқаратыны жайлы ақпарат беріліп,құрылғыдағы мәзірдің тілін таңдау,мәтінді оқыту жылдамдығын реттеу, сканерленген беттерді сақтау әдіс-тәсілі үйретілді.