Жаңалықтар
«Менің ғұмыр жолым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

2024 жылдың 1 тамызда Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Талдықорған қаласының №12 орта мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларының қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Әліби Тоқжанұлы Жангелдиннің туғанына 140 жыл толуына орай «Менің ғұмыр жолым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оқушыларға Әліби Жангелдиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпараттар беріліп, Әліби Жангелдин кіші әлем саяхатын жасаған жиһанкез, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы екені жайлы да айтылып өтті.
Көрме соңында оқушыларға кітапханаға экскурсия жүргізіліп, кітапхананың құрылу тарихымен, бөлімдерімен, ережелерімен таныстырылып, кітапхана туралы көптеген ақпараттар берілді. Сонымен қатар, балаларға қызықты ойындар ойнатылып, қазақ халқының тарихын дәріптейтін мультфильм көрсетілді.