Жаңалықтар

«Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты үлкен көлемді кітап көрмесі

«Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты үлкен көлемді кітап көрмесі
Уақыты: 08.08.2024
Оқылды: 35

2024 жылдың 8 маусым  күні  Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 10 тамыз – Абай Құнанбайұлы күніне орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты үлкен көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Абай – еліміздің тарихында өшпес із қалдырған қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, аудармашы, композиторы. Ол 1845 жылы 10 тамызда Шыңғыстау баурайында Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Абай ауданы) дүниеге келген. Абайдың шығармашылық мұрасы - қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған даналығын бойына сіңірген рухани байлық.

Көрмеге кітапхана қорындағы ақынның сан алуан шығармаларының ішінен алғашқы басылымдары (1943, 1946, 1950) шығарылып, сонымен қатар 2006, 2019 жылғы басылымдары да қойылды: өлең жинақтары, қара сөздері және оның зерттеулері, шетел тілдерінде шыққан Абайдың шығармалары, кемеңгердің шығармаларына арналған ғалым, жазушылардың зерттеулері мен еңбектері және т.б. Көрме Абай туралы оқып біліп, бай мұрасымен тереңірек танысқысы келетін әр бір жанға, жас оқырманға дұрыс тәлім-тәрбие алуға, өмірінде Абайдың қара сөздері мен өлеңдері арқылы бағыт алуға, болашақ мамандарға, зерттеушілерге бірден бір көмекші құрал ретінде қолдануға арналған.

Көрмеге қаламыздың INNOVERSE мектебінің оқушылары қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика