Жаңалықтар

«Қазақтың дара туған данасы» атты әдеби сағаты

«Қазақтың дара туған данасы» атты әдеби сағаты
Уақыты: 08.08.2024
Оқылды: 24

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім мен «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестіктің  мүшелерімен бірлесіп «Қазақтың дара туған данасы»  атты әдеби сағаты өтті.

Шараның мақсаты : Ақынның шығармашылығын оқырманымыздың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту. Сөз патшасы өлең құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңіру, ой қиялдарын поэзия әлеміне енгізу. Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық толғауларын насихаттау.  

Шара барысында қоғам мүшелеріне Абай Құнабайұлының өмірбаянымен шығармашылығы жайлы толық ақпарат беріліп, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. 

Сонымен қатар Абай  атамыздың қара сөзімен поэзиясын  қоғам мүшелері, жергілікті ақын Демеуова Гүлнара, Акимов Анатолий, Уразжанова Биғайша   бірнеше  өлеңдерін дауыстап оқып берді.

Сөз соңында оқырмандарымыз өздерінің жүрек жарды ықыласымен риза болып жылы лебіздерін білдірді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика